Кері қайту

ИФТ әдісімен қан сарысуынан Эпштейн-Барр вирусының (ҚГВ-IV) капсидті антигеніне IgM анықтау

Эпштейн-Барр вирусы (ЭБВ) жұқпалы мононуклеоздың қоздырғышы. Бірқатар ғылыми зерттеулерге сәйкес вирус лимфоманы, созылмалы шаршау синдромын және шашыраңқы склерозды қоса алғанда көптеген басқа патологиялардың дамуына ықпал жасайды.

IgМ (иммуноглобулиндер) антиденелер – бұл нақты бөгде нәруызды жоюға бағытталған ағзаның иммундық жүйесінің арнайы компоненттері. ЭБВ анықталған жағдайда IgМ өндірілуінде иммунитетті арандатушы нәруыз - вирустың қабығы - капсиді болып табылады. IgМ аурудың өршу кезеңінде пайда болад, өзінің шарықтау шегіне екінші айда жетеді. Аурудан сауыққан соң антидене титрі төмендейді және ағзада бірнеше жыл сақталады. Демек, қанда IgМ анықталуы аурудың жедел кезеңін білдіреді.

Оңтайлы диагностикалау үшін Эпштейн-Барр вирусының капсидтік антигеніне IgM және IgG антиденелерін анықтайтын екі талдауды бір уақытта тағайындау қажет. Талдау жедел ауруды созылмалы аурудан ажыратуға мүмкіндік береді.  Аурудың жедел кезеңінде IgM деңгейінің жоғарлау аясында IgG қалыпты немесе сәл жоғарлауымен жүреді, ал созымалы ағымда керісінше - IgG концентрациясының жоғарлау аясында IgM деңгейі шамалы болады. Клиникалық көрінісі бар болып, бірақ талдаудың нәтижесі теріс болған жағдайда зерттеуді 2-4 аптадан кейін қайталау қажет.