Флороценоз NCMT (Neisseria gonorrhoeae, Chlamydia trachomatis, Mycoplasma genitalium, Trichomonas vaginalis)
Флороценоз NCMT – Real-time ПТР-әдісімен жыныстық жолмен берілетін клиникалық маңызды патогендік инфекция қоздырғыштардың кешенді диагностикасы.
NCMT – бұл төрт микроағзаның қысқармасы:
- Neisseria gonorrhoeae (гонорея)
- Chlamydia trachomatis (хламидиоз)
- Mycoplasma genitalium (микоплазмоз)
- Trichomonas vaginalis (трихомониаз)
Бұл микроағзалар бір топқа біріктірілген, өйткені олар сау несеп-жыныстық жолдың қалыпты микрофлорасында, аз мөлшерде кездесетін уреаплазма (U. species), гарднерелла (G. vaginalis), кандида (C. albicans) және микоплазма хоминис (M. hominis) қарағанда болмауы керек. NCMT-инфекциялары қырындыда анықталуы шағымдары немесе симптомдардың бар-жоғына қарамастан медикаментозды емдеу үшін тікелей көрсеткіш болып табылады.
Жыныстық инфекцияның алғашқы диагностикасы кезінде барлық ықтимал қоздырғыштарды бірден анықтау қажет, толық емес спектр - жарамайды. Бұл әр микроағзаның белгілі бір антибиотикпен жойылатындығына байланысты: барлық патогендер үшін бірден қолайлы әмбебап емдеу әдісі жоқ! Флороценоз NCMT - CDC* үлгілі референсті сынаққа қатысты клиникалық сынаудан сәтті өтті және кейбір параметрлері бойынша тіпті одан асып түсті. Жалпы, сынақтың сезімталдығы мен сенімділігі 99% құрайды, бұл басқа әдістерге (ИФТ, ИФР) қарағанда едәуір жоғары. Талдаудың тағы бір даусыз сапасы - оның төмен бағасы, ұқсас ПТР әдістерімен салыстырғанда жеке қоздырғыштарды анықтауында болып отыр.
ЖЖБА қауіптілігі оның жоғары ықтималдықпен асқынуларының дамуы: бедеулік, инфекциялардың нәрестелерге жұғуы, кіші жамбаста ауыр іріңді үрдістер немесе бірқатар бейспецификалық қабыну ауруларының қосылуы. Мысалы, әйел адамдарда болуы мүмкін:
- Вульвовагинальді кандидоз
- Шартты-патогенді микоплазмоз және уреаплазмоз
- Бактериальді вагиноз
- Аэробты вагинит
Тізіліп шыққан аурулар созылмалы түрге ауысып кетуі мүмкін және әйел адамдарда жылдар бойы сақталып, сәл салқын тию болса инфекциялық үрдістің өршуіне әкелетін аурулар санатына жатады. «Флороценоз NCMT» сынағы, ең алдымен жыныстық инфекциялардың аса ықтимал симптомдары болған кезде көрсетілген:
- жыныс мүшелерінен бөліністер
- жыныс мүшелерінің аймағында қышыну
- іштің төменгі жағында ауырсыну
- жыныс қатынас кезінде ауырсыну
- зәр шығару кезінде ауырсыну
* Domeika, M. et al. World Congress of Sexually Transmitted Infections and AIDS, New Delhi, 2011