Кәдімгі жусан + аллергокомпоненттер
Жусан аллергеніне рефлекс-тестілеу (ОЛИМП КДЗ-да эксклюзивті)
Жаздың соңында өзіңізде немесе балаңызда түшкіру, көздің қышуы, жас ағу, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, жөтел немесе тері реакциялары байқалса - бұл жусан тозаңына аллергия болуы мүмкін.
Зерттеу не анықтайды?
Анализ жалпы жусан тозаңына және оның нақты молекулаларына сезімталдықты анықтайды:
- nArt v 1 - жусанды нақты аллергияның негізгі маркері. Риноконъюнктивит және демікпе белгілерін тудыруы мүмкін.
- nArt v 3 (LTP) - айқаспалы аллергияның маркері. Бұл липид тасымалдаушы ақуға сезімталдық жеміс-жидек, көкөніс және жаңғақтарға реакциямен байланысты болуы мүмкін.
Зерттеу қалай жүргізіледі?
- Вена қаны тапсырылады.
- Алдымен жалпы жусанға IgE анықталады.
- Егер сезімталдық болса - nArt v 1 және nArt v 3 (LTP) молекулалары қосымша зерттеледі.
- Егер жалпы реакция болмаса - молекулалық зерттеу жүргізілмейді.
Неліктен ImmunoCAP?
ImmunoCAP платформасы - аллергияны зерттеудегі «алтын стандарт»:
- Жоғары дәлдік пен сезімталдық
- Балаларға, жүкті әйелдерге және егде жастағы адамдарға қолайлы
- Антигистаминдік препараттарды тоқтатудың қажеті жоқ