«Ревматологиялық толық» бейіні
Арнайы баға қарастырылған бейін келесі талдауларды қамтиды:
- Лейкоциттік формуламен қоса канның клиникалық талдауы несеп қышқылы
- С-реактивті нәруыз
- Комплементтің С3 компоненті
- Комплементтің С4 компоненті
- Ревматоидты фактор
- Антистрептолизин О
«Ревматологиялық» бейін науқаста ревматоидты артрит және құяң (подагра) сияқты буынның қабыну ауруларын диагностикалау үшін көрсетілген.
«Стандартты» - буындарда қабынудың бар-жоғына күдік туғызатын минимум талдаулар.
- Жалпы қан талдауы - адамның ағзасында қабынудың бар-жоғы туралы жалпы жағдайды көрсететін талдау.
- Несеп қышқылы - буындарға шөгеді де подагра ауруы кезінде қатты ауырсынуды туғызады.
- С-реактивті нәруыз - қабыну аурулары кезінде қанда ең бірінші пайда болатын нәруыз.
- Ревматоидты фактор - ревматоидты артрит сияқты аутоиммундық аурудың ықтималдығы туралы куәландыратын скринингтік талдау.
- Антистрептолизин «О» (АСЛО) - ревматоидты артрит және ревматизм ауруларына себепші болуы мүмкін стрептокоок бактериясына ағзаның жанасу көрсеткіші.
«Толық»
- С3, С4 комплемент - буындарда қабынудың дамуына тікелей қатысатын қанның нәруыздары.
«Кеңейтілген»
- IgA, IgM, IgG - аутоиммундық үрдістің айқындылық дәрежесін көрсететін талдаулар.
- АЦЦП - ревматоидты артриттің ең сенімді көрсеткіші.