Кері қайту

Сифилис (Treponema pallidum жиынтық антиденелері)

Бозғылт трепонемаға жиынтық антиденелерді анықтау – мерезді диагностикалауда аса маңызды әдіс. Басқа әдістерден (микрореакция, Вассерман реакциясы) бұл тәсілдің айырмашылығы жалған оң немесе жалған теріс нәтижелер ықтималдығын минимумға әкеледі, өйткені талдаудың мақсаты емделушінің қанынан мерез қоздырғышына қарсы арнайы антиденені анықтау болып табылады. Басқа жағдайларда бұл аурумен ешқашан кездеспеген, ағзада болуы мүмкін бейспецификалық кардиолипиндік антигенге антидене анықталады, бұл зерттеудің жалған оң нәтижені жоққа шығармайды.

Антиденелердің жиынтығы M және G (IgM, IgG) класс иммуноглобулиндерінің анықталуы үлкен клиникалық маңыздылықты білдіреді. Егер емделушіде аурудың жедел фазасы немесе жұқтыру жақын арада болса, онда мерезге жауап ретінде тек IgM синтезделеді. Мерездің созылмалы түрін IgG антиденесіінң пайда болуы білдіреді. Талдау нәтижесінде осы антиденелердің арақатынас коэффициенті шығарылады, оның мәні зерттеу нәтижесін анықтайды.

Осылайша, Treponema pallidum-ға IgG / IgM класының нақты жалпы антиденелерін анықтау арқылы мерезді диагностикалау әдісі басқа әдістермен салыстырғанда баға мен сапа қатынасы бойынша ең оңтайлы болып табылады.