Шабындық тимофеевка rPhl p 7, rPhl p 12 IgE, g214
Аллергиялық реакцияларды диагностикалаудың жаңа бағыты пайда болды – бұл аллергияның молекулярлық диагностикасы, яғни бұл компоненттік аллергодиагностика. Молекулярлық аллергодиагностика негізінде молекулалық деңгейде табиғи жоғары тазартылған және рекомбинантты аллерген молекулаларын, яғни сығындыларды емес, олардың компоненттерін қолдану арқылы аллергендерге сезімталдықты анықтау жатыр.
1980 жылдардың соңында ДНҚ-технологиясы енгізіле бастады, аллергендерді сипаттап, молекулаларын клондау мүмкін болды, бұл әртүрлі аллергиялық аурулар кезінде антигендік детерминанттарын анықтауға көмектесті. Мұның барлығы диагностикалаудың жаңа түрі – молекулярлық диагностиканың пайда болуына маңызды роль атқарды, бұл өз кезегінде аллергияны аса тиімді емдеуді әзірлеуге ықпал етті. Рекомбинантты аллергендерге антиденелерді анықтау молекулярлық аллергология деңгейінде күрделі аллергендер құрамындағы жетекші компонентті анықтауға мүмкіндік береді. Бұл шынайы және айқаспалы аллергияны ажыратуға көмектеседі.
Рекомбинантты аллергендерді қолдану 1-ші типтегі аллергиялық реакцияны диагностикалаудың жаңа құралы болып табылады, бұл науқастың сенсибилизациясы, басқа аллергендермен айқаспалы реактивтілігі, аллерген-спецификалық иммундытерапияның (АСИТ) мақсаттылығы мен тиімділігін болжау туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл бағыт науқастарды тексеру және емдеу туралы көзқарастарды өзгертеді және оларды әлемдік медицинаға сәйкестендіреді. Бұл зерттеуді жүргізудің 3 негізгі артықшылығы бар:
- Молекулярлық аллергодиагностика шынайы сенсибилизацияны айқаспалы реактивтілік салдарынан болған сенсибилизациядан ажыратып береді. Бұл деректер аллергияның жалғыз біреуін, бірнеше жақын туыстық немесе көптеген әртүрлі көздерін анықтауға мүмкіндік береді.
- Молекулярлық аллергодиагностика арандатушы сынақтардың қажеттілігін жоққа шығарады және аллергендермен жанасуды болдырмас үшін нақты ұсыныстар беруге көмектеседі.
- Молекулярлық аллергодиагностика поливалентті сенсибилизациясы бар адамдарда аса маңызды аллергенді анықтаудың ең дәл тәсілімен АСИТ жүргізетіндерге аллерген-спецификалық иммундытерапияны таңдауға қажет. Молекулярлық аллергодиагностика әдісін қолдану терілік прик-тест нәтижесі бойынша таңдап алынған АСИТ ауыстыруға мәжбүрлейді.
Аллергендердің компоненттерін қолдануды бастау үшін зерттеу нәтижелерін дұрыс түсіндіріп, аллергендердің компоненттері және олардың клиникалық қолданылуы туралы негізгі ақпаратты білу қажет:
- Аллергендер молекулаларына атау беріледі, алдыңғы үш әріп тұқымдастың латынша атауы, одан соң бірінші әріп түр атауы және арабша сандар – аллергеннің нөмірі (нөмір бөлу тәртібіне және/немесе клиникалық маңыздылығына байланысты). Мысалы: Қайың – Bet v 1, Bet v 2 және т.б.
- Аллергендік заттың құрамына бір емес, бірнеше нәруыздық компоненттер кіреді, олар: негізгі аллергендер – «мажорлы», екінші кезектегі «минорлы» болады. Мажорлы аллергокомпоненттер – бұл 50% науқастар популяциясында жартысынан көбінде антиденелермен кездесетін аллергендік молекулалар. Олар қыздыруға төзімді және аса иммуногенді. Пішіні бойынша ірі және бұл аллергенде көп мөлшерде болады. Минорлы – бұл пішіні бойынша аса ұсақ және аллерген құрамындағы аллергендік молекулаларының иммуногенділігі аз, әдетте аз мөлшерде болса да көптеген аллергендерде, кейде жақын туыстық аллергендерде болып айқаспалы аллергияның туындауына әрекет жасайды. Яғни аллергендердің таралауы 50% аса болса, онда мажорлы деп аталады, ал 10% аз болса минорлы деп аталады.
Аллергияға себепші ретінде шөптер мен ағаштар тиесілі. Шөптердің өкілдерінің бірі - шалғындық атқонақ. Шалғындық атқонақ (латынша атауы - Phleum pratense) дәнді дақылдар тұқымдасының шөптеріне жатады, бүкіл әлемде кең таралған. Атқонақ қысқа Шалғындық атқонақтың тозаңы аллергиялық ауруларға себептіш болуы мүмкін. Атқонақ тозаңына аллергиялық реакцияның белгілері көздің шырышты қабатының қызаруы және ашып ауру, қабақтарының ісінуі, мұрынның бітелуі, түшкіру, жөтел, ентікпе және броноспазм түрінде байқалады.
Шалғындық атқонаққа сезімталдықты анықтау үшін күрделі аллерген ретінде Phl p 1 және Phl p 5b – негізгі «мажорлы» аллергендер, Phl p 7 және Phl p 12 – екінші кезектегі «минорлы» аллергендер зерттеледі.
- Phl p 1 – гликолизденген нәуыз, атқонақтың негізгі («мажорлы») аллергені, арнайы IgE антиденелері әртүрлі шалғындық шөптердің тозаңына аллергиясы бар 95% науқастарда анықталады.
- Phl p 5b – сезімтал науқастарда аллергиялық ринит пен бронх демікпесінің белгілерін тудыратын атқонақтың негізгі және аса реактивті аллергендердің бірі. Бұл аллергенге IgE антиденелері шалғындық шөптердің тозаңына аллергиясы бар 65-90% адамдарда анықталады.
- Phl p 7 – кальций-байланыстырушы нәруыз, атқонақ тозаңының минорлы аллергені. Шалғындық шөптердің тозаңына сезімталдығы бар 10-15% науқастарда анықталады және көптеген өсімдіктермен (қайың, қандыағаш, зәйтүн, арам шөптер және басқалары) айқаспалы реактивтілікке әрекеттеседі.
- Phl p 12 – профилин тобындағы нәруыз, атқонақтың минорлы аллергені. IgE антиденелері шалғындық шөптер тозаңына аллергиясы бар 15-30% науқастарда анықталады. Атқонақтың профилин нәруыздары көптеген өсімдік түрлерінің, өсімдік тектес тағам өнімдерінің және латекстің құрылымдарымен ұқсастықтары бар.
Атқонақ тозаңына шынайы аллергия қандағы негізгі Phl p 1, Phl p 5b аллергокомпоненттеріне арнайы IgE антиденелердің болуымен дәлелденеді, ал екінші кезектегі («минорлы») Phl p 7, Phl p 12 компоненттеріне реагиндік антиденелердің болуы басқа өсімдік аллергендерімен айқаспалы сезімталдықтын бар екендігін көрсетеді.