Кері қайту

IgG герпес вирусы

Талдау жұқпалы аурулардың серологиялық диагностикасына жатады. Зерттелетін материал қоздырғышқа антиденелері анықталатын қан болып табылады. Антидене – бұл нақты бөгде нәруыз-антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда I және II типтегі герпес вирустар антиген болып табылады.

Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM. Дегенмен антиденелер өте жоғары концентрацияда болса да иммунитет герпес вируспен әрқашан күресе алмайды. Тізімделген антиденелердің әрқайсысына тән өзінің қызметі және пайда болу кезеңдері болады. IgG антиденелер герпес вирусының кең таралуына байланысты көбінесе ересек адамдарда анықталады. Олар созылмалы ұзақ ағымды үрдіс туралы куәландырады. Осы себептен антиденені бір реттік анықтаған клиникалық маңыздылықты бермейді. Антидене деңгейінің өзгерісін динамика бақылап отыру қажет: жедел қабыну үрдісі кезінде немесе созылмалы түрдің қайта өршуінде IgG титрі ұлғаяды. IgG класының антиденелері қанда жыл бойы сақталады.

I және II типтегі қарапайым герпес вирустары өздері зақымдаған жасушаларды бұзумен сипатталады. Вирустың ағзада орналасатын жері – жүйке жасушалары. Қарапайым бірінші типтегі герпес вирус (Herpes simplex) өте кең таралған. Алғашқы рет жұқтыру көп жағдайларда мектеп жасына дейін кезеңде болады. Бұдан былай жұқтыру ықтималдығы күрт төмендейді. Инфекцияның әддетегі көрінісі – еріндегі «ұшық». Алайда оральді қатынас кезінде сыртқы жыныс ағзалары (гениталий) зақымдануы мүмкін. Ішкі мүшелер тек иммунитеттің айтарлықтай төмендеуі кезінде зақымданады. Оған қоса вирус көзді де зақымдауы (кератит, конъюнктивит) және белдемшелік теміреткі дамуы мүмкін.

Гениталды герпес – қарапайым герпес вирусының (Herpes simplex virus) әсерінен дамитын жыныс мүшелерінің ауруы болып табылады. Бүгінгі таңда герпес вирустың 8 типі мәлім, соның ішінде екеуі гениталды герпесті туындатады. Оларға қарапайым герпес вирустар: HSV-1 және HSV-2 жатады. Егер біз жыныс мүшелерінің герпес вирусын жұқтырған барлық жағдайларын ескеретін болсақ, онда шамамен 80% жағдайда олар HSV-2, ал HSV-1 жағдайларының тек 20%-да анықталады. Бірінші типтегі вирус гениталды герпестің ең алғашқы эпизодын жиі шақырады. Гениталды герпестің қайталану белгілері іс жүзінде әрдайым HSV-2 байланысты.

Герпес вирусын жер бетіндегі 90 пайызға жуық халық жұқтырғаны анықталды, бірақ соның шағын бөлігінде ғана вирус клиникалық түрінде көрінеді. Вирус адам ағзасына қандай жолмен түссе де бір рет енген вирус омыртқаның бойында орналасқан жүйке түйіндерінде жиналады және егер белгілі бір факторлар оны қоздырмаса және оны белсендірмесе, кейін инфекциялық үрдістің жайылуы болмаса (мысалы, айқын иммунитеттің төмендеуі) адам ағзасында өмір бойы белсенді емес күйде болуы мүмкін.

Гениталды герпестің негізгі жұғу жолы – жыныстық жол, бұл кезде жыныстық қатынастың барлық түрінде (қынаптық, ауыз арқылы, анал тесігі) жұқтырылады. 50 пайыз жағдайда жыныстық серіктестесте мүлдем гениталды герпестің клиникалық белгілері болмайды. Жеке бас гигиенасының заттары арқылы жұқтыру сирек құбылыс, алайда егер зақымданған теріге вирус жұтырылған заттың жанасуы болса жұқтыру мүмкіндігі жоғарлайды.

Егер анасы жүктілік кезінде герпеспен ауырған болса, онда трансплацентарлы жолмен ұрықты зақымдауы мүмкіндігі бар, негізінен нәрестелер анасының босану жолдарынан өткен кезде жұқтырады. Герпес вирусымен құрсақішілік жұқтыру кезінде ақаулар, әсіресе жүйке жүйесінің көбіне өмірмен үйлеспейтін ауыр ақаулары дамиды.

Токсоплазмоз да TORCH-инфекциялар (токсоплазма, қызамық вирусы, цитомегаловирус, герпес) тобына кіретін, ұрықтың құрсақішілік дамуына қауіптілік ықтималдығы жоғары.