Биотин
Биотин (R коферменті, Н дәрумені немесе B7) - суда еритін В тобының дәрумені, май қышқылдарының, көмірсулардың метаболизмінде кофактор болып табылады, сондай-ақ биотин – күкіртің көзі. Ол барлық тағамдардың құрамында болады, бірақ бауырда, бүйректе, бұршақ өнімдерінде (соя, жержаңғақ), гүлді қырықжапырақта, жаңғақтарда, сыра ашытқысында аса көп мөлшерде болады. Дәруменге тәуліктік қажеттілік 0,15-0,3 мг құрайды. Инсулинмен өзара әрекеттесу және глюкокиназа өндірілуіне қатысу есебінен көмірсулар алмасуында биотиннің рөлі зор. Сондай-ақ ол фолий және пантотен қышқылдары мен В12 дәрумені үшін кофактор болып табылады. В7 дәрумені тері, шаш және тырнақ денсаулығы үшін қажет құрамында күкірт болғандықтан және оны тасымалдайтындықтан оны «Сұлулық дәрумені» деп те атайды.
H дәрумені майлардың алмасуын бақылайды және негізінен тері мен шаш жасушаларында болады, осылайша терінің май құрамына әсер етеді. Ол ағзадағы май қышқылдарын пайдалануды оңтайландырады, соның ішінде бастың терісін азырақ майландырады, сондай-ақ шаштың жалпы құрылымын және сыртқы келбетін жақсартады. Биотин шаштың өсуін ынталандырады деген пікірлер дәлелденбегенімен, бірақ дәрумені бар қоспаларды қабылдау гормональды теңгерімсіздікке емес, биотин жетіспеушілігінен туындаған қасқабас еркектерде шаштың түсуін тоқтататыны дәлелденді.
Сондай-ақ биотин гемоглобин синтезі үшін де қажет. Ол өзін нәрестелердің себореялық дерматитімен күресудің тиімді құралы ретінде көрсетті, бірақ, өкінішке орай, ересектерде бұл соншалықты тиімді емес.
Гиповитаминоздың симптомдары:
- - терінің қабыршақтануы (әсіресе мұрын және ауыз айналасы)
- - қолдың, аяқтың, беттің дерматиті
- - бүкіл дене терісінің құрғауы
- - әлсіздік, ұйқышылдық
- - тәбетінің болмауы
- - лоқсу, анда-санда құсу
- - тілдің ісінуі және тіл бүртіктерінің жадағайлануы
- - бұлшықеттердің ауырсынуы, аяқ-қолдарының ұйып қалуы және шаншуы
- - анемия
Биотинге ұзақ уақыт тапшылық келесіге әкеледі:
- - иммунитеттің әлсіреуіне;
- - шаштың түсуіне, қасқабастануға;
- - қатты жүдеулікке;
- - үрейге, шексіз күйзеліске;
- - елестеушілікке (галлюцинацияларға)
Гиповитаминоздың себептері:
- - антибиотиктер және сульфаниламдтік дәрі-дәрмектерді қолдану биотинді синтездейтін ішектің микрофлорасын басып тастайды;
- - емдәмді (диетаны) асыра пайдалану;
- - асқазан мен аш ішек шырышты қабаттарының атрофиясының салдарынан асқорытудың бұзылыстары (мысалы, мальабсорбция синдромы);
- - жүйелі түрде сахаринді пайдалану биотиннің сіңірілуі мен метаболизміне терііс ықпал етеді, сондай-ақ биотинді синтездейтін ішек микрофлорасын тежейді;
- - жұмыртқа ақуызында биотинмен әрекеттесетін гликопротеид авидині бар шикі жұмыртқаны қолдану;
- - консерванттар ретінде (E221 — E228) (мұндай өнімдерді қыздыру кезінде пайда болатын күкірт ангидриді, сондай-ақ олардың ауамен байланысу кезінде биотинді бұзады) күкіртті қосылыстары бар тағамдарды қолдану;
- - ішімдікке салыну (ішімдік сусындары биотиннің қалыпты сіңірілуіне кедергі жасайды).