Кері қайту

Микробиологиялық зерттеу үшін материал алу (құты)

Микробиологиялық зерттеу ағзада жұқпалы аурулардың қоздырығышының бар не жоқ екенін жоғары дәрежелі дәлдік пен сенімділікпен нақтылауға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай талдау анықталған микроағзаның антибиотиктерге сезімталдық деңгейін анықтаудың тиімді тәсілі болып табылады. Сынақты жүргізуге арналған материал – зәр болып табылады. Алынған нәтиженің сенімділік мақсатында талдау үшін материалды дұрыс және уақтылы алу мәселелеріне үлкен мән беріледі.

Зәрді тапсыруға дайындық ережелері:

  • Зерттеудің сенімділігі үшін «ОЛИМП» КДЗ зәр жинауға арналған арнайы контейнер алу керек;
  • Талдау тапсырардан 1 тәулік бұрын зәрдің түсін өзгертетін өнімдерді қабылдауға болмайды (қызылша, сәбіз, шие, түсті сыламамен/глазурь кәмпиттер);
  • Талдау үшін материал алардың алдында – сыртқы жыныс мүшелерінің жете гигиеналық тазалығын жасау, себебі олардан зәрге бактерия немесе «ескірген» жасушалар қосылып, талдауға теріс нәтижелерге әкеледі;
  • Алғашқы таңертеңгі зәр тапсырылады, ал зәрдің алғашқы бөлігі дәретханаға шығарылады;
  • Ыдыс толғаннан кейін (орташа 50мл) беті нығыздап жабылатын қақпақпен жабу;
  • Биоматериалдың мұздап қалуын болдырмай, материалды емшара бөлмесіне 2 сағат ішінде жеткізу;Әйелдерге етеккір уақытнда зәр талдауға алу ұсынылмайды.