Микробиологиялық зерттеу үшін материал алу (қоректік ортасыз тығын/тампон)
Микробиологиялық зерттеу ағзада жұқпалы аурулардың қоздырығышының бар не жоқ екенін жоғары дәрежелі дәлдік пен сенімділікпен нақтылауға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай талдау анықталған микроағзаның антибиотиктерге сезімталдық деңгейін анықтаудың тиімді тәсілі болып табылады. Сынақ жүргізуге материал шырышты қабаттан алынған жағынды болады. Алынған нәтиженің сенімділік мақсатында талдау үшін материалды дұрыс және уақтылы алу мәселелеріне үлкен мән беріледі. Егер зерттеуге алынған биоматериал тасымалдауды қажет етпесе, яғни зерттеу жүргізілетін зертханада тікелей алынған жағдайда қоректік ортасы жоқ тампон қолданылады.
Микробиологиялық зерттеуге дайындық (бак. себінді):
- Исключают противомикробные препараты до взятия биоматериала, если они даются не по жизненным показаниям.
- Микробқа қарсы дәрі-дәрмектер, егер олар өмірлік көрсеткіштері бойынша берілмесе, биоматериалды алғанға дейін қолданбау.
- Таңертеңгілік дәрілік заттарды қабылдау, антибиотиктер мен антисептиктерді қолданумен байланысты ем-шаралар жүргізу биоматериалды алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады;
- Егер антибиотиктермен емдеу курсы жүргізілсе, микробиологиялық зерттеу жүргізу ұсынылмайды. Егер емдеуші дәрігер өзгеше ұсынтар бермесе, тексеруді курсқа дейін немесе дәрі-дәрмекті соңғы қабылдағаннан кейін 4 апта өткен соң жүргізген жөн.