Хламидиозға тексеруден өтуге 8 себеп
Соңғы уақытқа дейін көздің, буындардың және жыныс аймағының қабыну аурулары бір-бірімен байланысты емес деп есептелді. Оның үстіне, ерлі-зайыптылардың бедеулігіне негізінен әйел кінәлі деген пікір қате болды. Алайда, бір микроағзаны зерттеу дәрігерлердің осы сұрақтар бойынша пікірлерін өзгертуге мәжбүр етті. Жыныстық жолмен берілетін ауру - ХЛАМИДИОЗ жайлы сөз болып отыр. Бұл мақалада өзінің және жақындарының денсаулығын бағалайтын әрбір адамның хламидиоз диагнозын жоққа шығаруға немесе оны анықтап, қайтымсыз асқынулар пайда болғанға дейін емдеуді бастауға әкелетін негізгі себептер келтірілген.
1 себеп - ЖҰҚПАЛЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ ауру, мүшеқапты қолданбаған кезде тіпті қысқа жыныстық қатынас нәтижесінде тасымалданады. Бейресми мәліметтерге сәйкес, ер адамдардың шамамен 20%-ы мүшеқапты жыныстық қатынас басталып кеткеннен кейін қолдана бастайды.
2 себеп - БЕЛГІЛЕРДІҢ БОЛМАУЫ. Инфекцияның көп жағдайда сипатты белгілері байқалмағандықтан, әйелдердің шамамен 70%-ы және ер адамдардың 50%-дан астамы өздерінің аурулары туралы білмейді. Өкінішке орай, олар бұл туралы, асқынулар пайда болған кезде ғана барып біледі.
3 себеп - КЕҢ ТАРАЛҒАНДЫҒЫ. Бүгінгі күні хламидиоздан Жердің ересек тұрғындарының шамамен 8%-ы зардап шегеді (шамамен 600 млн.). Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде жыл сайын шамамен 90 миллион адам хламидиоз ауруына шалдығады.
Статистикаға сүйенсек, хламидиозға шалдығу қаупі гонореядан 2,5 есе және мерезден 8 есе көп екен.
4 себеп - ЖОҒАРЫ ПАТОГЕНДІК, яғни микробтың ағзаға тигізетін зияны, әртүрлі мүшелерге әсер етеді (тек несеп-жыныс мүшелеріне ғана емес). Хламидиоз - бұл келесідей аурулардың себебі: Рейтер ауруы (уретраның, буындардың, негізінен тізе буындарының және конъюнктиваның қабынуы); уретраның тарылуы (уретраның тарылуы, емдеудің жалғыз әдісі-хирургиялық араласу); орхоэпидидимит (аталық без бен эпидидимистің қабынуы); простатит; әйелдерде – жамбас қабынуының себебі (эндометрит, сальпингит, сальпингоофорит).
5 себеп - ЖОҒАРЫ ЫҚТИМАЛДЫ БЕДЕУЛІК. Бедеулік құрылымында хламидиоз жетекші орынды алады. Бедеуліктен зардап шегетін әйелдердің жартысының себебі дәл сол хламидиоз, бұл репродуктивті мүшелерде жабысу үдерісіне әкеледі, нәтижесінде жұмыртқа жатырға "жете" алмайды. Егер хламидиозбен ауыратын әйел бала көтерсе, онда әрбір екінші жағдайында негізінен жүктіліктің 12 аптасына дейін түсік болады. Еркектерде жабысу үдерісінен басқа, сперматозоидтары тікелей зақымданады, олардың "белсенділігі төмен", ұрық жасушасын ұрықтандыруға қабілетсіз болады.
6 себеп - ЖҮКТІЛІККЕ ҮЛКЕН ҚАУІП. Жүкті әйелдерде келесідей асқынулар орын алуы мүмкін: өздігінен болған түсік; дамымайтын жүктілік; мерзімінен бұрын босану; босану кезіндегі безгек; жүкті әйелдердің ерте және кеш жеріктік; қағанақ суының көптігі, бұл нәрестеге ғана емес, анаға да әсер етеді; ұрық жолдастың даму ауытқулары; ұрық жолдастың бөлінуі; ұрықтың жатырішілік гипоксиясы.
7 себеп - БАЛАЛАРҒА БЕРІЛУІНІҢ ЖОҒАРЫ ЫҚТИМАЛДЫҒЫ. Хламидиозбен ауыратын әйелдер, жағдайлардың жартысында, өз ауруын жаңа туған нәрестелерге береді, оларда кейіннен хламидиоз дамып, жүрек, бауыр, өкпе және асқазан-ішек жолдарын зақымдап, бұл үдерістің жалпылануымен асқынуы мүмкін.
8 себеп - ЕМГЕ ҚАРСЫ ЖОҒАРЫ ТӨЗІМДІЛІК. Бұл, әдетте, өзін-өзі емдеуден пайда болады, бұл дәрі-дәрмектерге қарсы төзімділіктің дамуына әкеліп соғады. Сонымен қатар, хламидиялар құрылымын өзгертіп, L пішінге айнала алады, мұны ағза жасушасы ішіндегі ұзаққа созылатын ұйқымен салыстыруға болады, ол жерге антибиотиктердің енуі де үлкен қиындық тудырады. Содан кейін, өлім қаупі жоғалғанда, олар қайтадан бастапқы пішініне келеді.
Сонымен, егер келесі белгілер байқалса:
Әйелде:
-
іштің төменгі бөлігіндегі ыңғайсыздық сезімі;
-
жиі, ауыр зәр шығару;
-
зәр шығару кезінде жану және ауырсыну сезімі;
-
қынап аймағында жану және қышу;
-
қынаптық бөлініс (ақ, жасыл, шырышты; көбікті; жағымсыз иіспен немесе иіссіз) ;
-
уақыты бойынша етеккірмен сәйкес келмейтін қынаптық қан бөлінісі;
-
жыныстық қатынас кезінде жағымсыз, ауыр сезім.
Ер адамда:
-
несеп жолынан іріңді ағу;
-
зәр шығару кезінде жағымсыз, ауыр сезім;
-
жыныс мүшесінің қышуы және жануы;
-
жыныстық қатынас кезінде жағымсыз, ауыр сезім.
-
эректильді дисфункция.
Ерлер мен әйелдерде:
-
ұзақ мерзімді буын ауруы;
-
емделмейтін конъюнктивит (қышу, көздегі құм сезімі);
-
30 жасқа дейінгі радикулиттің белгілері (арқа, омыртқа ауруы).
Егер сізде жоғарыда аталған белгілердің кем дегенде біреуі болса; егер ерлі-зайыптылар бала көтере алмаса немесе бала көтерудң жоспарлап жүрсе, онда ең алдымен жыныстық жолмен берілетін ауруларға және ең алдымен хламидиозға тексерілу керек.
Назар аударыңыз! Хламидиозды ПТР және ИФТ әдісімен "ОЛИМП" клиникалық-диагностикалық зертханаларының кез-келген бөлімшесінде тексеруге болады.
Негізгі белгілер (Tag):
тексеру диагностика талдаулар хламидиоз