Кері қайту

Туысқандықты генетикалық анықтау: ОЛИМП КДЗ клиенттеріне арналған жаңа қызметтер

Джорджия тұрғыны Карнелл Смит баласына 40 000 $ алимент төлеп, кейіннен өзінің баланың биологиялық әкесі емес екенін білген.

Кейде өмірлік жағдай адамдарды туыстық қатынастарын дәлелдеуге немесе теріске шығаруға мәжбүр етеді. Бұл сұрақ әсіресе әкелікті анықтауда өзекті, еркектің алиментті бөтен балаға емес, өз баласына төлеп жатқанына күмәні болғанда аса өзекті. Бұл ақылға сыймайтын сияқты болып көрінеді, бірақ генетикалық сараптамаға жүгінетін әрбір оныншы еркек тәрбиелеп отырған баласының әкесі емес. Мәселенің шын ауқымы туралы тек болжам жасауға болады…

Туыстық қатынастарға қатысты күрделі проблеманы шешуде тек туысқандықты анықтау көмектесе алады.

Туысқандықты генетикалық анықтау - бұл екі не одан көп тексеріліп отырған тұлғалардың генетикалық кодын олардың арасындағы сәйкестіктерді анықтау мақсатымен салыстыру және пайыздық қатынаста ықтимал туысқандық дәрежесі туралы қорытынды шығару.

Генетикалық зерттеулердің әр алуан түрлері бар:

  • Әке немесе ана болуын анықтау
  • Жақын туыстықты анықтау (ұл/қыз немересі мен атасы/әжесі арасында)
  • Алыс туыстықты анықтау (іні/қарындас/жиен мен ағасы/апасы арасында)
  • Сиблингтік тест (аға/іні мен әпке/қарындас/сіңлі арасындағы туыстықты анықтау)
  • Опасыздық бойынша тест (биоматериалда ерлі-зайыптылардың үлгілерінен басқа «бөтен» ДНҚ анықтау)

Зерттелетін биоматериал ретінде әдетте ауырсындырмайтын буккалды жағынды, яғни ұрттың шырышты бетінен қырынды алынады.

Нәтиженің сенімділігі оны шүбәсіз ететін 99,99%, құрайды.

2015 жылы ОЛИМП КДЗ мен Ресейдің озық генетикалық зертханаларының бірі «Молекулалық-генетикалық сараптамалар орталығы» ЖШҚ арасында серіктестік қарым-қатынастар орнатылды. Енді соншама технологиялық зерттеулер мегаполистерге сапарды талап етпейді: ОЛИМП КДЗ-ның бүкіл Қазақстан аумағында орналасқан 600 емшара кабинеттерінің кез келгеніне жүгіну жеткілікті.