Кері қайту

«Қанмен жұмыс» немесе спортшыға қандай талдаулар қажет

Біздің елде әуесқой деңгейінде фитнес және спортпен айналысу соншалықты дамымаған және таралмаған және салауатты өмір салты мен спорттың күннен күнге насихатталуына қарамастан әуесқой спортшылар әдеттегідей өздері, өздерінің денсаулықтары мен ағзалары туралы көп нәрсені білмейді. Кәсіби ортада спортшының денсаулығын қадағалап отыратын және әрдайым көмекке келуге дайын мамандар - жаттықтырушылар, спорттық дәрігерлер бар. Ал әуесқойларда, яғни спортпен «өзі үшін» айналысатын спортшыларда бұл тұста қиындықтар бар.

Спорт денсаулықты нығайтып, саулықты арттырады деп саналады және бұл дұрыс, бірақ сіз онымен дұрыс айналысқанда ғана. Сіз үшін спорт сабақтарының пайдалы немесе зиянды болуына әсер ететін көптеген факторлар мен себептер бар. Олардың арасында: жаттығулардың техникасы, жиілігі мен қарқындылығы, сонымен қатар Сіздің нақты уақыттағы физикалық жағдайыңыз. Жаттығуларға қатысты мәселелерді шешуге сізге жаттықтырушы көмектеседі, ал физикалық күйлермен Сізге «қанмен жұмыс» көмектеседі, ағылшын тілінде қан талдауын кейде дәл осылай атайды – “blood work”. Осы мақаланы оқып отырғандардың көпшілігі қазір «Тағы қандай талдаулар?» деген сияқты көңіл-күйде жауап береді. Менің ештеңеге шағымым жоқ қой! Ақша мен уақытты жұмсаудың қажеті не? Жауап біреу: «Егер денсаулығыздың мықты болғанын қаласаңыз, онда бұл сізге сөзсіз қажет». Тіпті қазір шағымыңыз жоқ болса да, бұл сіздің денсаулығыңыз мықты дегенді білдірмейді. Проблема біраз уақыттан кейін көрініс табуы мүмкін, бірақ ол кезде кеш болуы мүмкін.

Егер сіз кейін қиналғыңыз келмесе, онда денсаулығыңызға қазірден бастап назар аударыңыз.

Спортшылар үшін қандай талдаулар ерекше маңызды? Сіздің жаттығуларды енді бастайтыныңызға немесе ұзақ уақыттан бері айналасып жүргеніңізге қарамастан келесі мүшелер мен жүйелердің жұмысына көңіл бөлінуі тиіс: тірек-қимыл аппараты, жүрек-қан тамырлары, жүйке және эндокриндік жүйелері, бауыр мен бүйректер. Бұған сізге бірқатар биохимиялық көрсеткіштерді бағалау көмектеседі: холестерин, кальций, фосфор, тестостерон, АЛТ, АСТ, билирубин және т.б. Бұның бәріне егжей-тегжей тоқталмай, бұл талдаулардың әрқайсысы бір немесе басқа ағзаның күйін көрсететінін атап өткіміз келеді. Зерттеудің көптеген түрлері бар және оларды шатастырмауға сізге сіздің жағдайыңызды бағалап, сізге қажет талдауларды тағайындайтын Дәрігер көмектесе алады. Сонымен қатар, тәжірибелі маман сіздің тапсырған талдауларыңыздың негізінде Сізге мысалы, ауыр зат көтеруге тыйым салуы мүмкін немесе нақты жағдайларда ғана рұқсат етуі мүмкін; диета немесе дәрілік заттар тағайындайды; жалпы ұсынымдар береді.

Сондай-ақ, «ОЛИМП» КДЗ-да жақын арада құрамына спортшының денсаулығын кешенді түрде бағалауға қажет диагностикалық минимум кіретін жаңа «Спорт» профилі пайда болатынын сізге қуана хабарлаймыз. Оған ағзаның функционалдық жай-күйін бағалауға мүмкіндік беретін ең қажет деген зерттеулер кіреді. Толық ақпарат жақын арада хабарланады және Сіз «Спорт» профилін тапсыру үшін «ОЛИМП» КДЗ Қазақстан аумағында бар 180 емшара кабинеттерінің кез келгеніне жүгіне аласыз.

«Спорт» профилі шыққанда өткізіп алмас үшін біздің жаңалықтарымыз бен анонстарымызды қарап отырыңыздар.