Аллергодиагностиканың жаңа стандарттары – молекулалық аллергодиагностика.
Аллергопатологияның әлемде таралуы дамыған елдермен қатар, дамушы елдерде де қорқынышты көлемде таралуда. Бұл ауруларға тыныс демікпесі, аллергиялық ринит, дәрілік және тағамдық аллергия, жәндіктер уына аллергия, экзема және есекжем, ангионевротикалық ісіну жатады.
Аллергия проблемасы балалық шақта ерекше өзекті болып табылады. Осыған қарамастан тіпті дамыған елдерде аллергопатологиясы бар пациенттерге диагностика тұрғысынан көмек көрсету жетілмеген болып шықты және тек жекелеген мемлекеттерде оны тиісті деңгейде деп санауға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сәйкес аллергиялық ринитке жүздеген миллион адам шалдыққан, ал демікпеге (астмаға) 300 миллионға жуық адам шалдыққан. Бұл аурулар пациенттермен қатар, олардың отбасы мүшелерінің де өмірлерінің сапасын айтарлықтай төмендетеді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына теріс әсерін тигізеді.
20 ғасырдың соңында ДНҚ-технологиялары енгізілді, оған қоса аллергиялық аурулар кезінде болатын антигендік детерминанттарды анықтауға көмегін тигізген аллергендер молекулаларын сипаттау мен клондауға қол жеткізілді. Бұл диагностиканың жаңа түрі - өз ретінде аллергияны анағұрлым нәтижелі емдеудің жетілдірілуіне ат салысқан молекулалық диагностиканың пайда болуына негіздеме болды.
«ОЛИМП» дербес зертханалар желісі бүгінгі таңда молекулалық аллергодиагностика бойынша зерттеулер орындайтын Қазақстандағы жалғыз зертхана.
Молекулалық аллергодиагностиканың негізгі мақсаты аллергендердің табиғи жоғары тазаланған рекомбинантты молекулаларын, яғни олардың шығындыларын (экстракты) емес, олардың компоненттерін пайдалана отырып аллергендерге молекулалық деңгейде сезімталдықты (сенсибилизация) анықтау. Молекулалық диагностиканың технологиялары клиникалық тәжірибенің ажырамас бөлігіне айналуда. Молекулалық технологиялар диагностиканың және аллергияға негіздемелі емдеу өткізуді болжаудың дәлдігін арттырады. Олар аллергияны диагностикалаудың үш негізгі аспектісінде маңызды рөл атқарады:
-
Молекулалық аллергодиагностика шынайы реакция мен псевдореакцияны ажыратуға мүмкіндік береді;
-
Молекулалық аллергодиагностика жекелеген жағдайларда тағамдық аллергия кезінде болатын жүйелі сипаттағы ауыр реакциялардың пайда болу қаупін бағалауға көмектеседі;
-
Молекулалық аллергодиагностика аллерген-спецификалық иммунотерапияға арналған (АСИТ) дәрілік затты таңдауға көмектеседі.
Аллергокомпоненттердің кездесу жиілігін сипаттау үшін «негізгі» (басым) және «қосымша» терминдері қолданылады. Негізгі (басым) аллергокомпоненттер аталған аллерген көзінің әсеріне жауап беретін популяциядағы пациенттердің жартысынан көбінде антиденелері кездесетін аллергендік молекулалар. Қосымша аллергендер бұл аллергеннің құрамында әдетте аз мөлшерде кездесетін, бірақ кейде көптеген әртүрлі туыстығы жоқ аллергендерің құрамында болып, тоғыспалы аллергияны қамтамасыз ететін көлемі жағынан анағұрлым ұсақ және иммуногенді аллергендік молекулалар. Аллергендердің негізгі (басым) және қосымша болып жіктелуі толығымен зерттеліп отырған популяция мен аталған географиялық аумақта көбірек кездесетін аллергендік көздердің сезімталдық (сенсибилизация) профиліне байланысты екенін есепке алу қажет.
Молекулалық аллергодиагностика молекулалық компоненттерге қарсы IgE-антиденелерін анықтаудың жаңа әдісі - аллергологияның жаңа дәуірін ашты. Жүйелі реакцияларды, оның ішінде өмірге қауіп төндіретін реакцияларды объективті түрде дәл болжау тек «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханаларында молекулалық аллергодиагностика талдауын жүргізу арқылы ғана мүмкін.