AVON және «ОЛИМП" КДЗ екеуі сүт безі қатерлі ісігіне қарсы!
AVON «Сүт безі қатерлі ісігіне қарсы біргеміз» қайырымдылық бағдарламасы аясында 2011 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қ. аурудың ерте сатысында әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің таралуын болдырмау, сондай-ақ емдеу әдістері мен өзін-өзі диагностикалау туралы халықты көбірек хабардар ету мақсатындағы бағдарламаны қолдайтын алғашқы Қазақстандық Марш өтті. Абай-Абылай хан көшелерінің қиылысынан бастау алған, Алматы қ. орталық көшелерімен өтіп, Ескі алаңда мәресіне жеткен шеру танымал қазақстандық және ресейлік жұлдыздардың қатысуымен өткен концерке ауысты.
Бұл Марштің алғаш рет Қазақстанда өткізілуі және ол 1992 жылы АҚШ-та басталып, әлемнің АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Испания, Чехия, Венгрия, Жапония, Аргентина, Бразилия, Мексика, Ресей, Украина және т. б. секілді 50-ден астам елінде танымалдылыққа ие бірыңғай жаппай халықаралық қозғалыстың бірі.
Іс-шараның мақсаты - бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтар, қала билігі, коммерциялық ұйымдардың назарын қазіргі мәселеге аудару, шараға қатысушыларға алдын алу шараларының қажеттілігін жеңіл түрде жеткізу және аурудың алғашқы белгілері туралы хабарлау, сондай-ақ мамандардың кеңестері мен науқастарды тексеруді ұйымдастыру. «ОЛИМП» зертханалар желісі АVON компаниясы жүзеге асыратын қайырымдылық бағдарламасы идеясын толығымен қолдайды және әйелдерді сүт безі қатерлі ісігіне тексеруде осы жобаға қолдау көрсетуді жоспарлауда.
Өткен баспасөз мәслихатында «ОЛИМП» КДЗ желісі бас директорының орынбасары Алексей Балась сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жөніндегі іс-шараның әлеуметтік маңыздылығына назар аударып, былай деді: «Бұл республикалық ауқымдағы жоба еліміздегі осы ауыр аурудың қайғылы статистикасын азайтуға, сондай-ақ жыл сайынғы маммографиялық және зертханалық тексеруден өтудің қажеттілігі туралы әйелдерге кеңінен таратуға ықпал ететініне сенімдіміз».