Кері қайту
24 ақпан 2023

ОЛИМП КДЗ: «Әр бесінші пациенттің қанында қанттың жоғары деңгейі анықталды»

«ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы 65000-нан астам пациенттің қандағы глюкоза деңгейі бойынша тексеру нәтижелеріне талдау жүргізді.

 

- ОЛИМП КДЗ ақпаннан бастап 65000-нан астам адамды қандағы глюкоза деңгейі бойынша тексерді. Олардың ішінде еркектер - 33% (21728 адам), әйелдер - 67% (43285 адам). Зерттеу нәтижелері бойынша ҚР аймақтары бойынша айтарлықтай айырмашылықсыз әр 5-ші немесе 20% пациенттің (13267 адам) глюкоза деңгейі нормадан тыс жоғары болып шыққаны туралы «ОЛИМП КДЗ» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов хабарлады.

 

Зертхана басшысының сөздеріне сәйкес ер адамдарда гипергликемия әйелдерге қарағанда көбірек кездескен. Ер адамдардың арасында қанттың жоғары деңгейі 25%, ал әйелдер арасында 18% пациентте диагностикаланды.

 

- Одан гөрі үлкендеу жас топтарында гипергликемиясы бар пациенттердің үлесінің заңды өсуі көрінеді. Мысалы, 40-45 жастағы пациенттердің арасында қант 19% анықталған, ал 55-60 жастағылар арасында 34% анықталғанын Ерлан Сүлейменов атап өтті.

 

Балаларға келетін болсақ, нормадан тыс глюкоза көбінесе кіші және орта мектеп жасындағы балаларда тіркелді (7-14 жас). Бұл жас тобында 8% баланың қанты нормадан жоғары болды. Бұндай көрсеткіштер балалардың көмірсуларды шамадан тыс қолдануын және балаларды талдауға дайындау барысында ата-аналар тарапынан бақылаудың әлсіз екендігін растайды.

 

Қандағы қанттың тұрақты жоғарылауы қант диабеті деп аталады. Көбінесе ағза инсулинге сезімталдығын жоғалтатын екінші типті қант диабеті жиі кездеседі. Ауру жұқпалы емес індет сипатына ие болды. Оның пайда болу қаупі бойынша топқа денесінің массасы артық және семіздікке шалдыққан адамдар кіреді. Диабеттің екінші типіне шалдыққан пациенттердің 90% артық салмағы бар. Сондықтан денесінің массасы артық адамдарға, оның ішінде балаларға қандағы қант деңгейін жүйелі түрде тексерген жөн.

 

Екінші типті қант диабетінің зұлымдығы аурудың симптомдары бірнеше жыл бойы болмайтынында. Дегенмен қанттың кішкене болса да жоғарылауы ұзаққа созылған жағдайда денсаулыққа ауыр зиян келтіруі мүмкін: көздің ішкі тор қабығының асқынуы, бүйректің зақымдалуы, жүйке талшықтары қызметінің зақымдалуы, жүрек-қан тамырлары аурулары.

 

Қандағы қанттың қандай да болса жоғарылауы дәрігерге көрінуді талап етеді.

 

ОЛИМП КДЗ желісіндегі ағзадағы қант диагностикасына арналған талдаулар:

 

Қандағы глюкоза - қандағы қант диагностикасының скринингтік әдісі, кең массадан әрі қарай тексеру үшін қауіп тобын анықтауға мүмкіндік береді.

 

Несептегі глюкоза - бүйрек жеткіліксіздігі, тубулопатия, қант диабеті, алкогольмен созылмалы улану, жүктілердің гестациялық қант диабеті, Иценко-Кушинг ауруы мен синдромы сияқты патологиялардың диагностикасына арналған.

 

«Қант Диабетінің Диагностикасы» профилі қант диабетін анықтауға және аурудың ағымын бақылауға арналған.

Шынайы диагностикаға арналған 6 талдаудан тұрады (қандағы глюкоза, гликирленген гемоглобин, инсулин, несептегі глюкоза, несептің жалпы талдауы, HOMA-IR индексі).

 

Аталған талдаулар бүкіл Қазақстан бойынша ОЛИМП КДЗ желісінің барлық емшара кабинеттерінде қолжетімді.

 

Толығырақ:

Telegram-бот: @KDLOLYMPKZ_BOT

ОЛИМП КДЗ ресми Telegram-каналы

Біздің TikTok-тағы аккаунтымызға жазылыңыздар

Біздің Instagram-дағы аккаунтымызға жазылыңыздар

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз