Қарасай аудандық ауруханасының базасында жоғары технологиялық зертханалық диагностика орталығын ашу
2016 жылғы 4 қазанда Қарасай аудандық ауруханасының базасында «ОЛИМП КДЗ» ЖШС-мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Зертханалық диагностиканың жоғары технологиялар орталығының ашылуы өтті.
Аталған Орталықты құру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасының 81-қадамында жеке меншік медицинаны дамыту, медициналық көмек көрсету жүйесінің тиімділігін, қолжетімділігін және нәтижелілігін арттыру бойынша жазылған тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
«ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі медициналық қызметтер нарығында 2007 жылдың қаңтарынан бастап ұсынылған және бүгінгі таңда ҚР аумағындағы жеке меншік зертханалар арасында көшбасшы болып табылады. «ОЛИМП» КДЗ өз қызметін Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 2 қаласында жүзеге асырады, қазіргі заманғы диагностикалық жабдықтармен жабдықталған 18 толыққанды зертханалық кешенді қамтиды және ҚР бүкіл аумағында биоматериалды алу бойынша 200-ден астам қолайлы емдеу бөлмелері бар. 2014 ж. бастап «ОЛИМП КДЗ» ISO 15189:2012 халықаралық зертханалық сапа стандарты бойынша аккредиттелген, бұл орындалатын зерттеулердің жоғары сапасын көрсетеді, сондай-ақ пациентті шетелге емделуге жіберген жағдайда «ОЛИМП КДЗ» нәтижелерін қосымша растаусыз ұсынуға мүмкіндік береді. «ОЛИМП КДЗ» білікті персоналмен қамтамасыз етілген, оның жеке техникалық және ІТ-қолдау қызметтері, реагенттермен және шығыс материалдарымен үздіксіз жабдықтау үшін материалдық қамтамасыз ету және логистика қызметтері бар.
Бүгінгі таңда пациенттерге 2000-нан астам зерттеу қолжетімді. Сирек кездесетін, оның ішінде генетикалық ауруларды диагностикалау үшін қажетті кейбір жоғары технологиялық сынақтар 2015 жылы «ОЛИМП КДЗ» серіктес аталған ірі еуропалық Synlab, Limbach, Centogene зертханаларының негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ, Қорған «Молекулярлық-генетикалық сараптама орталығымен» жасалған келісімнің арқасында барлық ниет білдірушілерге туыстықтың түрлі дәрежелерін анықтау үшін ДНҚ-сараптамалар қолжетімді. «ОЛИМП» КДЗ желісінің шетелдік зертханалармен ынтымақтастығы қазақстандықтарға шетелге зерттеуге барудың қажеттілігінсіз біздің өңір үшін бірегей зерттеулерге оңай қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Зертханалық диагностиканың жоғары технологиялар орталығын ашу мақсаты – бұл Қазақстанда зертханалық диагностиканың заманауи технологияларын одан әрі дамыту, дәрігерлердің және аудан тұрғындарының қысқа мерзімде сапалы зертханалық қызметтерді (оның ішінде сирек кездесетіндерін) және сервистің жоғары деңгейін алуы. Орталықты ашудың әлеуметтік әсері халықтың зертханаға барумен байланысты уақыт пен ақшалай қаражатты үнемдеуі, пациенттердің нәтижелерді алу ыңғайлылығы болады. Ауруды ерте кезеңде анықтау және осыған байланысты оны емдеудің тиімділігі халықтың жалпы денсаулық деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін, жасалған қосалқы мердігерлік шартқа негізделген Қарасай аудандық ауруханасы мен «ОЛИМП КДЗ» арасындағы ынтымақтастық «ОЛИМП КДЗ» бастамасымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы шеңберінде одан әрі дамиды. Осы жоба шеңберінде «ОЛИМП КДЗ» ұсынған заманауи зертханалық жабдығы және бағдарламалық жасақтамасы бар Орталықтандырылған медициналық зертхана құрылатын болады. Халықаралық сапа стандарттарына, шаруашылық жүргiзудiң тиiмдi тетiктерiне жауап беретiн технологиялық регламенттi енгiзу және салынған инвестицияларды қайтару үшiн Орталықтандырылған медициналық зертхана МЖӘ шартының қолданылу мерзiмiне «ОЛИМП КДЗ» сенiмгерлiк басқаруына берiлетiн болады.
Зертханалық қызметтерді орталықтандырудың бірқатар артықшылықтары бар:
Дәрігерлер мен олардың пациенттері үшін зертханалық зерттеулердің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету;
Заманауи автоматтандырылған жабдықтарды пайдалану есебінен нақты нәтижелерді ұсыну;
зерттеулер сапасын 3 деңгейлі бақылау;
Өндірістің барлық кезеңдерін тіркеуді және талдау нәтижелерін беруді автоматтандыру.
Айта кету керек, «ОЛИМП» КДЗ» өз филиалдары үшін де, мемлекеттік сектор үшін де орталықтандыру қағидаты бойынша қызмет көрсетуде үлкен оң тәжірибеге ие. 2010 жылдан бастап Қарағанды облысы бойынша «ОЛИМП КДЗ» ЖШС филиалы базасында Қарағанды қаласының барлық амбулаториялық зертханалық қызметін орталықтандыру сәтті жүзеге асырылды. Осы жылдар ішінде көптеген Қарағанды қаласының пациенттері мен дәрігерлері зертханалық зерттеулердің жоғары сапасына көз жеткізді.
Қазақстанның бірқатар қалалары мен облыстарында (Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе) ТМККК шеңберінде көптеген зертханалық зерттеулер «ОЛИМП КДЗ» базасында орталықтандырылады, нәтижесінде пациенттер мен дәрігерлер кез келген күрделіліктегі талдауларға қол жеткізе алады, бұл диагностиканы айтарлықтай жақсартады.
МЖӘ аясындағы ынтымақтастықтың арқасында халық қана емес, мемлекет те ұтады. Қарасай аудандық ауруханасы үшін «ОЛИМП КДЗ»-мен серіктестік - бұл диагностика мен емдеу сапасын арттыру үшін дәрігерлер мен олардың пациенттеріне қажетті заманауи жоғары информативті тестілерді енгізуге және зерттеу желісін кеңейтуге мүмкіндік беретін заманауи модульдік жүйелермен талдағыштар паркін жаңартуға, жабдықтарға, инфрақұрылымға жеке инвестициялар. Мұндай әріптестік жөндеу, жабдықтарды ұстау, реагенттерді сатып алу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді және Қарасай ОАА штаттық бірліктері мен жалақы қорын босатады.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, «ОЛИМП КДЗ» мен Қарасай аудандық ауруханасының мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің басты тиімділігі – бұл аудан дәрігерлері мен тұрғындарының бюджет қаражатын жұмсауды төмендету кезінде сапалы зертханалық қызметтерді көбірек алуы, ауруларды диагностикалау мен емдеу деңгейін арттыру