Дүниежүзілік денсаулық күні: «Диабетті жеңейік!»
Құрметті пациенттер!
7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1950 жылдан бері ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара – Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі.
Жылдан жылға Дүниежүзілік денсаулық күні денсаулық сақтау саласындағы жаһандық проблемаларға арналып, түрлі ұрандармен өтеді.
2016 жылғы денсаулық күнінің ұраны: «Диабетті жеңейік!»
Биылғы жылы қант диабеті тақырыбы таңдалып алынғаны бекерден бекер емес. Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша диабетпен сырқаттану қарқын алып келеді. ДДҰ статистикасына сәйкес, біздің планетамызда 350 миллионнан астам адам осы аурудан зардап шегеді, болжам бойынша 20 жылдан кейін бұл сан 2 еседен астам өсуі мүмкін, ал 2030 жылға қарай диабет өлімге әкелетін аурулардың «көшбасшыларының» қатарына кіреді. Бүгінгі таңда диабетті уақытылы диагностикалау арқылы емдеуге болады. Ал аурудың басым бөлігін бастапқы кезеңде анықтауға болады. Қант диабетін жаппай ерте диагностикалау өте маңызды мәселе, оның шешімі осы аурудың өлімге әкелетін көптеген асқынуларын болдырмауға мүмкіндік береді.
Сондықтан адамдардың диагностикалауға қолжетімділігін кеңейту Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басты мақсаттарының бірі болып табылады. «ОЛИМП» КДЛ бұл мәселенің маңыздылығын сезіне отырып, сондай-ақ қант диабетінің сапалы заманауи диагностикасына қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылады және біздің зертхана базасында бүкіл Қазақстан бойынша біздің пациенттерге қолжетімді заманауи зерттеулер орындалатын болады.
Сонымен қатар, біздің клиенттер үшін «Диабет диагностикасы» диагностикалық профилі қолжетімді, ол қажетті диагностикалық минимумды қамтиды және оған арнайы жеңілдікпен баға қолданылады.
Сіз «Диабет диагностикасы» профилін тапсыру үшін бүкіл Қазақстан аумағындағы «ОЛИМП» КДЗ 180 емдеу бөлмелерінің кез келгеніне жүгіне аласыз.