бастап30.11.2025дейін30.06.2026
158 күнқалды

Жаңалық! «ОЛИМП» КДЛ-де жаңа зертханалық қызмет — ЖРВИ-скрин іске қосылды.
14,520 ₸
«ОЛИМП» КДЗ-де жаңа зертханалық қызмет - ЖРВИ-скрин іске қосылды.
ЖРВИ-скрин - жедел респираторлық вирустық инфекцияларды тудыратын ең кең таралған вирустарды анықтауға арналған зертханалық талдау. Бұл зерттеу аурудың вирустық табиғатын тез анықтауға және нақты қоздырғышын белгілеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу келесі инфекцияларды анықтайды:
- Респираторно-синцитиалдық вирустың (RSV) РНҚ
- Метапневмовирустың РНҚ
- Парагрипп вирусының РНҚ
- Коронавирус (Covid-19 емес) РНҚ
- Риновирус РНҚ
- Аденовирус ДНҚ
- Бокавирус ДНҚ
ЖРВИ-скрин көмектеседі:
- нақты диагноз қоюға;
- дұрыс ем тактикасын таңдауға (мысалы, вирусқа қарсы дәрілер керек пе, жоқ па анықтауға);
- антибиотиктерді негізсіз тағайындаудан сақтануға;
- асқынулардың алдын алуға;
- науқастың жұқпалылық деңгейін және қажетті профилактикалық шараларды бағалауға.
Тағайындауға көрсетілімдер:
- ЖРВИ белгілері: қызба, жөтел, тұмау, тамақ ауруы, әлсіздік;
- аурудың вирустық табиғатына күдік болғанда және нақты қоздырғышты анықтау қажет болғанда;
- вирустық және бактериялық тыныс жолдарының зақымдануын ажырату қажеттілігі;
- асқыну қаупі жоғары топтар (балалар, қарттар, жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар пациенттер);
- ұйымдасқан ұжымдарда ЖРВИ өршуі;
- иммун тапшылығы жағдайында денсаулық мониторингі.
Дайындық:
- Орофарингеалдық (жұтқыншақтан) жағынды алу алдында 3-4 сағат бойы тамақ ішпеу, су ішпеу, тіс тазаламау, ауыз/тамақты шаймау, сағыз шайнамау, темекі шекпеу.
- Мұрыннан жағынды алу алдында 3-4 сағат бойы тамшы/спрей қолданбау және мұрынды жумай қою. Ең қолайлы уақыт - таңертең, ұйқыдан кейін.
Бұл талдау қазір тек Астана қаласында қолжетімді.