Кері қайту

17-ОН Прогестерон (17-ОП)

17-ОН – кортизолдың және андростендионның химиялық ізашары, кейіннен одан тестостерон мен эстрадиол түзіледі. 17-ОН бүйрек үсті безінде, аталық безінде, аналық безінде және жүктілік кезінде ұрықжолдаста түзіледі. Зат өздігінен натрийуриялық әсерге ие, яғни артериалдық қысымды төмендету мақсатымен ағзадан сұйықтықтың шығуына ықпал жасайды.

Талдаудың клиникалық құндылығы адреногенитальді синдромның салдары ретінде туа біткен бүйрек үсті безінің гиперплазиясын диагностикалаудан тұрады. Туа біткен бүйрек үсті безінің гиперплазиясы 21-гидроксилаза, 11β-гидроксилаза, 3β-оксидегидрогеназа, Р450SCC (20,22-десполаза), 17-гидроксилаза ферменттерінің түзілу бұзылыстарымен сипатталатын туа пайда болған генетикалық ауру.

Бұл ферменттер өз қызметтерін атқара алмағандықтан 17-ОП кортизолға ауыса алмайды. Көп мөлшерде ағзада жиналып, көп мөлшерде тестостеронға айналады. Кортизол концентрациясының төмендеуіне жауап ретінде АКТГ өндіріле бастайды, бұл бүйрек үсті безінің өсуіне (гиперплазиясына) әкеледі.

Туа біткен бүйрек үсті безінің гиперплазиясының адреногенитальды синдром белгілерімен байқалу себебі тестостеронның шамадан артық болуына байланысты: қыздарда ерлердің екіншілік жыныстық белгілері айқын пайда болады, сондай-ақ өсіп-өну жүйесі (репродуктивті жүйе) зақымдалады. Ұл балаларда мерзімінен бұрын жыныстық даму басталады.

17-ОН ағзадан сұйықтықты шығаруға қабілетті болғандықтан бала үнемі қан қысымы мен қан микроайналымымен байланысты мәселелерге ұшырайды.