Кері қайту

Грек жаңғағы rJug r 3 LTP IgE, f442

Jug r 3 грек жаңғағының негізгі аллергендері ретінде танылған, ыстыққа да, пепсиннің қорытылуына да төзімді спецификалық емес липидті тасымалдау ақуызы (nsLTP) болып табылады.

Jug r 3 аллергеніне сезімтал емделушілерде тағамдық жанаспа есекжем, ауыз аллергия синдромы, асқазан-ішек жолдарының белгілері және тіпті анафилаксия сияқты ауыр реакциялар дамуы мүмкін.

Jug r 3 басқа аллергендермен айқыш реактивтілікті көрсетеді, атап айтқанда шабдалы (Pru p 3), жержаңғақ (Ara h 9), орман жаңғағы (Cor a 8), Pru ar 3 (өрік), шие (Pru av 3) және бадам (Pru du 3). 

Аллергокомпонентті диагностиканың негізі аллергендердің табиғи жоғары тазартылған және рекомбинантты молекулаларын, яғни олардың жеке аллергокомпоненттерін пайдалана отырып, молекулалық деңгейде аллергендерге сезімталдықты анықтау болып табылады.

Бұл зерттеуді жүргізудің 3 негізгі артықшылығы бар:

  • Аллегрокомпоненттік диагностика нағыз сезімталдықты айқыш-реактивтілікке байланысты сезімталдықтан ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл деректер аллергия көздерін анықтауға көмектеседі: бір жалғыз, бірнеше жақын туыстық немесе көптеген әртүрлі.
  • Молекулалық аллергодиагностика арандатушылық сынақтардың қажеттілігін жояды және аллергендермен байланысын жоюға қатысты нақты ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.
  • Молекулалық аллергодиагностика АСИТ-ті таңдауда қажет, поливалентті (көп) сезімталдықпен адамдарда емдеу жүргізілетін ең маңызды аллергенді анықтаудың ең дәл әдісі болып табылады.

Аллергенді заттың құрамына аллергендер ретінде әрекет ете алатын бір емес, бірнеше ақуыз компоненті кіреді:
Мажорлық аллергокомпоненттер – бұл негізгі аллергенді молекулалар, оларға антиденелер осы қайнар көзге жауап беретін популяциядағы емделушілердің жартысынан көбінде – 50%-ында кездеседі. Олар ыстыққа төзімді және иммуногенді болып табылады. Көлемі бойынша ірі және осы аллергенде көп мөлшерде болады.
Минорлық - бұл кішігірім, анағұрлым ұсақ және аз иммуногенді аллергенді молекулалар, олар аллергеннің құрамында әдетте аз мөлшерде болады, бірақ көптеген әртүрлі аллергендерде де болады, кейде бір-бірімен тығыз байланысты емес, айқыш-аллергияны қамтамасыз етеді. Яғни, таралуы 50%-дан асатын аллергендер мажорлық, ал 10%-дан азы минорлық деп аталады.

Зерттеу әдісі: ImmunoCAP әдісі (Қатты фазадағы иммунофлуоресценция)
Өлшем бірліктері: kU/l
Зерттеуге арналған биоматериал: күретамыр қаны